-->

«    Октябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Новости

15.10.2026
15 қазан - Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні

Сүт безі обыры - әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Ауру ерте кезеңдерде айқын белгілерсіз өтуі мүмкін, сондықтан жүйелі түрде тексеруден өту өте маңызды. Нені білу маңызды?      Қазақстанда 40 жастан 76 жасқа дейінгі әйелдер тіркелген емханасында екі жылда бір рет маммографиялық скринингтен тегін өте алады. Маммография сүт безіндегі...
12.10.2026
Ақмолалық медицина қызметкерлері — республикалық спартакиаданың жеңімпаздары

Түркістан қаласында медицина қызметкерлері арасында алғашқы республикалық спартакиада өтті. Бұл спорттық іс-шара Кәсіподақтар күніне орай ұйымдастырылды. 8-10 қазан аралығында еліміздің 11 өңірінен келген 200-ден астам медицина қызметкерлері спорттың алты түрі бойынша бақ сынады. Олар волейбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және жеңіл атлетикадан жарысты. Жарыс...
01.10.2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша семинар

2026 жылғы 30 қыркүйекте орталық мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе осындай бұзушылықтардың ықтимал тәуекелдері туралы хабарлау тәртібіне арналған семинар өткізілді. Оқытуды орталықтың заңгері Әсия Топанова жүргізді. Ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының фактілері немесе оларды жасау тәуекелдері туралы басшылықты хабардар ету...
28.09.2026
Жастар және АИТВ: Көкшетауда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен Жастар денсаулық орталықтары арасында кеңес өтті

2026 жылғы 28 қыркүйекте Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен Қалалық емхана және «Panacea Clinic» ЖШС жанындағы Жастар денсаулық орталықтары арасында ведомствоішілік кеңес өтті. Кездесу АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ жастар арасында бірлескен алдын алу жұмысты одан әрі...
28.09.2026
Контрацепция: оның маңыздылығы туралы қаншалықты жиі ойланамыз?

26 қыркүйекте жыл сайын Дүниежүзілік контрацепция күні атап өтіледі. Биыл ақпараттық науқан «Контрацепция: сіздің өміріңіз, сіздің жауапкершілігіңіз» ұранымен өтуде. Науқанның негізгі мақсаты - әрбір жүктіліктің қалаулы болуына ықпал ету. Сондықтан халықтың, әсіресе жастардың, заманауи контрацепция әдістері туралы хабардарлығын арттыру маңызды рөл атқарады. Орталық...
22.09.2026
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға вакцина алуға бола ма?

Мұндай сұрақ біздің пациенттерімізді жиі қызықтырады. Мамандардың жауабы біржақты: әрине, болады. Алайда адамның денсаулық жағдайы мен иммундық жүйесінің жай-күйін ескеру маңызды. Сондықтан екпе салдырмас бұрын ЖИТС-тің алдын алу орталығындағы емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады. Инактивтелген вакциналар АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін қауіпсіз, себебі олардың құрамында...
15.09.2026
Білім, жауапкершілік және денсаулыққа қамқорлық: Көкшетауда АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша диалог алаңы өтті

  «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы - тек заңдарды білумен шектелмейді. Ол адамның өзіс-әрекетіне, денсаулығына және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарауын да білдіреді. Бұл тақырыптар Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттерімен өткен АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша диалог алаңында талқыланды. 2026 жылғы 15 қыркүйекте жастар алдында Денсаулық сақтау...
07.09.2026
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
  Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі - ШЖҚ МҚК) бас дәрігері. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы...
03.09.2026
Құқықтар мен міндеттер: орталық мамандарына Еңбек кодексінің нормалары түсіндірілді

Еңбек қатынастарына қатысты мәселелер әрдайым өзекті - жұмысшылар үшін де, жұмыс берушілер үшін де. Сондықтан екі тараптың да Еңбек кодексінің нормаларын сақтауы ұйымның тиімді жұмыс істеуінің маңызды бөлігі болып табылады. 2026 жылдың 2-ші қыркүйегі Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері үшін, еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістерді түсіндіру...
31.08.2026
Алғыс

Тазалық пен жайлылық үшін рахмет! Орталық ұжымы денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін Канипа Тюлегеновна Алькееваға зор алғысын білдіреді. Бүгін орталығымыздың медициналық санитар маманы - Канипа тәтені құрметті еңбек демалысына шығарып салдық. Ол 2020 жылдан бастап біздің орталықта еңбек етіп, ұжым жұмысына өз үлесін қосты. Орталығымызда тазалық пен тәртіптің...
24.08.2026
Көкшетау қаласында АИТВ-ның алдын алу акцияларына 800-ден астам адам қатысты

  Жыл басынан бері Көкшетау қаласында 800-ден астам адамның қатысуымен 11 алдын алу акциясы өткізілді. Қатысушылар арасында АИТВ-ға тегін әрі құпия түрде жедел тестілеуден өту мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырды. Бұл мүмкіндікті 210 адам пайдаланды.   Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы - Рүстем Молдағалидың айтуынша,...
18.08.2026
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі - ШЖҚ МҚК) бас дәрігері. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы...
17.08.2026
АИТВ және қорғанышсыз жыныстық қатынас

Сізде мүшеқапсыз жыныстық қатынас болды ма? Бұл туралы білуіңіз маңызды. АИТВ қорғанышсыз жыныстық қатынас кезінде берілуі мүмкін. АИТВ жұқтыру қаупі жыныстық қатынастың әртүрлі түрлерінде — қынаптық, анальдық және оральдық қатынас кезінде де бар. Қауіп дәрежесі жыныстық қатынастың түріне және нақты жағдайларға байланысты. Қауіп деңгейін нақты бағалап, алдын алу...
17.08.2026
АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь

  2026 жылғы 10-14 тамыз аралығында Алматы қаласында АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдерге арналған Республикалық жазғы лагерь өтті. Ақмола облысынан лагерьге екі бала қатысты. Жыл сайын өткізілетін ауқымды іс-шараны «Равный равному плюс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Осы күндері 50-ден астам жасөспірім таулы аймақтағы көрікті жерде демалып қана қоймай, өз денсаулығы,...
14.08.2026
Әріптестерімізді құрметті еңбек демалысына шығарып салдық

Бүгін Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында қуанышты да, қимастық сезімге толы ерекше күн болды. Орталықтың ұжымы үш зертханашыларды — Замзагүл Темешова, Анар Шаимова және Айгүл Мұстафинаны зиянды еңбек жағдайларына байланысты, құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Осыған орай салтанатты жиын өтіп, онда әріптестерге көп жылғы еңбегі, кәсіби біліктілігі...
24.07.2026
Анонс обсуждения анализа коррупционных рисков

  "Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы" ШЖҚ МКК 03.08.2026 жылдан бастап 10.08.2026 жылға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша комплаенс...
10.07.2026
АИТВ-дан қорғануға болады!

Байланысқа дейінгі алдын алуы (БДА) - АИТВ-дан қорғаудың тиімді әдісі. БДА – бұл АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алуға арналған дәрілік препараттарды арнайы қабылдау.   КІМГЕ? Бұл АИТВ-ны жұқтырмаған, бірақ жұқтыру қаупі жоғары адамдарға ұсынылады. Бұл есірткіге тәуелді адамдар, секс қызметкерлері, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, трансгендер адамдар,...
01.07.2026
Жаңа Конституцияда азаматтардың медициналық құқықтарына қандай өзгерістер енгізілді?

  Еліміздің жаңа Негізгі заңы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ол 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданды.   Көптеген сарапшылардың пікірінше, жаңа Конституция қазіргі қоғамдағы маңызды өзгерістерді көрсетеді.   Қазақстандық саясаттанушы Газиз Әбішевтің айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституция өз кезеңі үшін инновациялық құжат болды. Сонымен...
01.07.2026
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұжымына жаңа басшы таныстырылды

  Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып Рүстем Салькиұлы Молдағали тағайындалды. 2026 жылғы 1 шілдеде орталық ұжымына жаңа басшыны Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек таныстырды. Рүстем Салькиұлы - жоғары санатты хирург дәрігері, бірінші санатты дәрігер ұйымдастырушы, «Қоғамдық...
26.06.2026
АИТВ орталығының баспасөз хатшысы Денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Көкшетау жоғары медицина колледжінің базасында медициналық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылға жауапты мамандарының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қатысушыларды кәсіби мерекелерімен Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек құттықтады. «Сіздер...
25.06.2026
Көкшетауда инъекциялық есірткі қолданатын адамдарды тексеру мәселесі бойынша ведомствоішілік кеңес өтті

  2026 жылғы 24 маусымда Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мен Облыстық психикалық денсаулық орталығы арасында ведомствоішілік өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған кеңес өтті. Кездесу барысында психикалық денсаулық орталығында динамикалық бақылауда тұрған инъекциялық есірткі қолданатын адамдарды тексеруге қатысты проблемалық...
22.06.2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу Анонсы

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі Ақмола облыстық орталығы" ШЖҚ МКК "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 1 шілдеден 7 шілдеге дейін сыбайлас жемқорлық...
19.06.2026
Денсаулыққа қамқорлық жасайтын жандардың мерекесі

Тек қызметтік міндеттермен өлшеуге болмайтын мамандықтар бар. Медицина қызметкері мамандығы — сондай мамандықтардың бірі. Бұл – адамдарға күнделікті қамқорлық көрсету, пациенттердің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік алу, кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын болу. Әрбір қойылған диагноздың, әрбір тағайындалған емнің және әрбір жылы сөздің артында жоғары кәсібилік,...
10.06.2026
Көкшетауда «Барлығын өз көзіңмен көру» атты ашық есік күні өтті

Облыстық психикалық денсаулық орталығында Есірткі құралдарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрестің халықаралық күніне орай «Барлығын өз көзіңмен көру» атты ашық есік күні өтті.   Іс-шараға Көкшетау қаласындағы колледж студенттері қатысты. Жастар орталықтың қызметімен танысып, тәуелділіктің алдын алу мен оны емдеудің заманауи тәсілдері туралы...
01.06.2026
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында "Қазақстан-балалардың бақытты мекені" атты балалар суреті байқауы өтті.

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан - балалардың бақытты мекені» атты балалар суреті байқауы өтті. Байқауды орталықтың кәсіподақ комитеті ұйымдастырды. Қатысушылар - орталық қызметкерлерінің балалары. Олар шығармашылық арқылы бақытты балалық шақ, отбасы, достық, бейбіт өмір және Отанға деген сүйіспеншілік...
29.05.2026
АПВ вирусын, әр адам білуі тиіс

Көптеген адамдар адам папилломасы вирусы (АПВ) туралы естігенімен, оның жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі бола алатынын бәрі бірдей біле бермейді. Бүгінде Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар бойынша екінші орында тұр. Соңғы 20 жылда бұл аурудың таралуы 26%-ға артқан. Әсіресе АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер өз денсаулығына мұқият болуы...
28.05.2026
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ашық есік күні

2026 жылғы 28 мамырда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында республикалық репродуктивті денсаулық апталығына орайластырылған Ашық есік күні өтті. Бұл күні барлығы гинеколог, дерматовенеролог және психолог мамандарынан кеңес алуға, сондай-ақ АИТВ-ға жедел тестілеуден өтуге мүмкіндік алды. Келушілерге АИТВ-ның алдын алу шаралары, үнемі тестілеудің маңыздылығы...
26.05.2026
Жастардың репродуктивтік денсаулығы туралы

2026 жылғы 26 мамырда Көкшетау қаласындағы Құрылыс-технологиялық колледжінде репродуктивтік денсаулық апталығы аясында 1 курс студенттерінің қатысуымен интерактивті іс-шара өтті. Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Асель Балтабаева студенттермен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары...
25.05.2026
АИТВ-инфекциясы саласындағы жетекші мамандардың бірі — Вадим Покровский өмірден озды

  2026 жылдың 20-шы мамырда 72 жасында АИТВ-инфекциясы саласындағы жетекші мамандардың бірі, кеңестік және ресейлік ғалым, эпидемиолог, Ресей Ғылым академиясының академигі - Вадим Валентинович Покровский дүниеден өтті.   Ол Кеңес Одағында АИТВ-инфекциясы мәселесін мемлекеттік және ғылыми деңгейде алғашқылардың бірі болып зерттеген маман саналады.   1980-жылдардың ортасында...
15.05.2026
Көкшетауда ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған акция өтті

Көкшетауда ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған биылғы алғашқы көшпелі акция өтті. 2026 жылғы 14 мамырда Орталық базар жанында медицина қызметкерлері жылжымалы пунктті мамандандырылған автокөлікте орналастырып, онда кез- келген адам АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес ала алды. - «Бұл біз жылы мезгілде өткізетін дәстүрлі іс-шаралар. Олар қала...
15.05.2026
АИТВ-ның алдын алу жөніндегі акцияға 100-ден астам көкшетаулықтар қатысты

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай Көкшетаудың орталық қалалық саябағында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша акция өтті, оған 100-ден астам қала тұрғындары қатысты. 15 мамырда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері көкшетаулықтармен АИТВ жұқтыру жолдары, алдын алу әдістері және уақтылы тексерудің маңыздылығы...
13.05.2026
АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары "Kokshe" телеарнасында телебағдарламаға қатысты

2026 жылғы 13 мамырда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары "Kokshe" телеарнасында «Диалог дня» телебағдарламасына қатысты. Шығарылым Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орайластырылды. Бағдарламаның тақырыбы биыл 10 жылдығын атап өтетін «Анықталмайтын = жұқпайтын» (А=Ж) науқаны болды. Телебағдарламада алдын алу жұмысы...
12.05.2026
12 мамыр – халықаралық медбикелер күні

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеу-алдын алу, ұйымдастыру-әдістемелік және алдын алу жұмысы бөлімдерінде 13 медбике жұмыс істейді. Медбике күні-маңызды, әрі абыройлы мамандыққа көрсетілетін құрмет. Біз оларды бекер «медбике» деп атамаймыз: олар дәрігерлердің басты көмекшілері және пациенттермен дәрігерлерге қарағанда жиі байланыс жасайды,...
12.05.2026
«Анықталмайтын=жұқпайтын» науқанына он жыл

Мамыр айының үшінші жексенбісінде әлем дәстүрлі түрде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алады. Алайда бұл күн тек еске алу ғана емес, сонымен қатар бүгіннің өзінде өмірді сақтауға мүмкіндік беретін жетістіктерді еске салу. Соңғы онжылдықта мұндай серпілістердің бірі - «А=Ж» қағидаты, яғни анықталмайтын - жұқпайтын. Осылайша, Ақмола облысында АИТВ-мен өмір сүретін 1 169 адам...
06.05.2026
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында екі маңызды мереке - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні жиналғандар соғыста құрбан болған және қаза тапқан ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, Отан қорғаушылардың ерлігін еске алып, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға үлес қосқандардың барлығына...
03.04.2026
Құтқарушыларды даярлау жөніндегі оқу орталығында АИТВ-ның алдын алу бойынша кездесу өтті

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Азаматтық қорғау академиясының М. Ғабдуллин атындағы оқу орталығында бастапқы кәсіби даярлық курсында оқитын тыңдаушыларға арналған дәріс өткізді. Іс-шара барысында алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Асель Балтабаева тыңдаушыларды өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және алдын алу...
20.03.2026
Құрметті әріптестер мен жазылушылар!

  Құрметті әріптестер мен жазылушылар! Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын Бұл ерекше көктемгі күн әрдайым жаңару, үміт және игі өзгерістер сезімін ала келеді. Үйлеріңізде жылу мен жайлылық орнасын, жүректеріңізде тыныштық пен қуаныш болсын, ал жұмыстарыңызда сенімділік, табыс және жаңа жетістіктер серік болсын. Сіздерге мықты денсаулық,...
05.03.2026
«Кіруге болмайды! Бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады»

«Кіруге болмайды! Бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады.» деген жазуларды көптеген медициналық мекемелерден кездестіруге болады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің жұмыс орнының алдында «Биологиялық қауіп» белгісімен қатар осындай белгі бар. Себебі ол диагностикалық зертхананың полимеразды тізбекті реакция бөлімінде жұмыс істейді. Людмила Валентиновна Маслова -Ақмола...
05.03.2026
Сандугаш Бурмаганова: «балалардың дені сау болып туылуы үшін»

  Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы қызметінің негізгі бағыттарының бірі - АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу және оларды динамикалық бақылау. Бұл жұмыстың қаншалықты жүйелі әрі кәсіби ұйымдастырылуына пациенттердің денсаулығы мен олардың өмір сүру сапасы көп жағдайда байланысты. Бұл бағытты тәжірибелі акушер-гинеколог, инфекционист, Денсаулық сақтау...
04.03.2026
Сауле Жаканова: денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам қызмет етуде.

Халықаралық әйелдер күні - біздің аяулы және сүйікті аналарымызға, әжелерімізге, әпкелерімізге, әйелдерімізге және қыздарымызға, әрине, әріптестерімізге алғыс білдірудің тағы бір мүмкіндігі. Біздің ұжымда 60-тан астам әйел жұмыс істейді және АИТВ-инфекциясының алдын алуға елеулі үлес қосады. Бұл дәрігерлер, медбикелер, зертханашылар, эпидемиологтардың көмекшілері, әкімшілік және...
04.03.2026
Батеш Бапенова: өңірде «Зиянды азайту» бағдарламасын енгізудің бастауында

 8 наурыз қарсаңында біз кәсіби тағдыры өңірдегі АИТВ-ның алдын алу жүйесінің даму тарихының бір бөлігіне айналған әйел туралы баяндаймыз. Батеш Искаковна Бапенова - Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, 40 жылдық өтілі бар эпидемиолог дәрігері, Денсаулық сақтау үздігі. 25 жылдан астам уақыт бойы ол облыста "Зиянды...
02.03.2026
26.02.2026 ж. Щучинскідегі қайғылы оқиға

  Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Щучинск қаласындағы қайғылы оқиғаларда қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен терең қайғыра көңіл айтады. Біз Сіздердің қайғыларыңыз бен орны толмас қазаларыңызбен бөлісеміз. Мұндай сәттерде жұбататын сөздер табу қиын. Қаза тапқандардың  рухы жарық болсын. Берік болыңыздар. Зардап шеккендерге...
27.02.2026
Неліктен стигма АИТВ-мен күресте негізгі кедергі болып қала береді?

  2026 жылдың басында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында динамикалық бақылауда 1 147 адам тұр. Олардың 99 % - ы антиретровирустық терапия алып, бұл емделудің жоғары деңгейін және пациенттердің міндеттемесін көрсетеді. Бірақ осы қамту көрсеткіштеріне қарамастан, талдау арқылы өлшеуге болмайтын «стигма және кемсітушілік» деген екі мәселесі әлі де бар. Жыл...
27.02.2026
Нөлдік кемсітушілік күніне арналған акция "РИО" СОО келушілерін біріктірді

  2026 жылғы 26 ақпанда «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында ерекше қызу қозғалыс болды. Бұл күні келушілерді тек дүкендер мен кафелер ғана емес - мұнда жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасымен атап өтілетін Нөлдік кемсітушілік халықаралық күніне арналған акция өтті. Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қоғамдық кеңістікке қарапайым, бірақ...
24.02.2026
Туберкулезге карсы айлык басталады!

  24 акпан мен 24 наурыз аралыгында Казакстанда туберкулезге карсы айлык басталады - бул улт денсаулыгы ушін белсенді іс-кимыл, агарту жумыстары жэне куш біріктіру кезені. Туберкулез букіл элемде денсаулык сактау жуйесі ушін элі де манызды маселе болып отыр. Алайда бугінде бізде женіске жету ушін барлык мумкіндік бар: заманауи диагностика едістері, тиімді емдеу, цифрлык шешімдер...
20.02.2026
Орталық қызметкерлері үшін құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша дәріс

2026 жылғы 19 ақпанда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының заңгері-  Асия Топанова ұйым қызметкерлеріне "Сыйлық беру, сыйлық алу, брендтелген кәдесыйлар және сәлемдеме алу тәртібі туралы нұсқаулығы" тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара барысында спикер орталықта сәлемдемелерді алу тәртібін, сыйлықтарды беруге және алуға қойылатын жалпы талаптарды, сондай-ақ...
19.02.2026
Сталкинг жөніндегі семинар

  Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында медициналық персонал үшін зорлық-зомбылық пен сталкинг белгілерін анықтау мәселелері бойынша заң кеңесшісімен семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мыналар қаралды: * физикалық, психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылықтың негізгі белгілері; * сталкинг жағдайларын тану ерекшеліктері; * осындай...
12.02.2026
АИТВ-ның алдын алу - салауатты болашаққа қадам басу

  "Panacea clinic" жастар денсаулық орталығында бүгін адамдар көп жиналды. Бұл біреудің ауырып қалуымен емес, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша акцияның өткізілуімен байланысты болды. Көкшетау жоғары көпсалалы Азаматтық қорғаныс колледжінің бірінші курс студенттері іс-шараға белсенді қатысты. Студенттер үшін ақпараттық сессия ұйымдастырылып, оның барысында АИТВ орталығының...
02.02.2026
Мәңгілік жады

  АИТВ - инфекциясының алдын алу қызметінің ардагері- Татьяна Ивановна Мискевичтің 2026 жылдың 1 ақпанында қайтыс болғанын терең қайғымен хабарлаймыз. Татьяна Ивановна медицинаға 45 жылдан астам уақытын арнап, оның 32 жылын біздің орталықта атқарған. Ол 1959 жылы 4 маусымда Көкшетау облысының Володаровское ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Көкшетау медициналық училищесін медбике ісі...
26.01.2026
Құтқарушыларды даярлау жөніндегі оқу орталығында АИТВ-ның алдын алу бойынша кездесу өтті

  2026 жылғы 23 қаңтарда Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы жанындағы оқу орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өткізілді. Дәстүр бойынша, мұндай кездесуде вирустың таралу жолдары мен алдын алу шаралары қамтылды. Кездесу спикері - алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева, АИТВ - инфекциясын емдеудің заманауи...
Страницы:1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18