-->

«    Ноябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысының 200-ге жуық педагогы АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелерін талқылады

12.11.2026

12 қарашада Ақмола облысында жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, білім беру жүйесінде АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған дәстүрлі семинар-кеңес өтті.

Онлайн форматта өткен іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында облыстағы мектептер мен колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері және білім бөлімдерінің әдіскерлері болды.

Кездесуді ашқан Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы- Рүстем Молдағали балалар мен жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруда денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің өзара іс-қимылы маңызды екенін атап өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы- Айгүл Мағавина оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында өткізілетін спорттық және мәдени-демалыс іс-шаралары, жыныстық тәрбие, нашақорлық пен АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық кездесулер туралы сөз болды.

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева өңірдегі АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды таныстырып, вирустың негізгі берілу жолдары мен алдын алу шараларына тоқталды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында ақпараттық-алдын алу жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берді.

«Педагогтер мен медицина қызметкерлерінің ынтымақтастығы жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Біздің ортақ міндетіміз - жастарды шынайы әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру», - деп атап өтті Асель Балтабаева.

Биыл семинар-кеңеске қалалық емхана жанындағы Жастар денсаулық орталығының жетекшісі- Жібек Әлиева да қатысты. Ол жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау бағытындағы орталықтың жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жасөспірімдер мен жастарға арналған қызметтің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Кездесу соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, білім беру ұйымдарында алдын алу жұмысты жүргізудің  тәжірибелік мәселелерін талқылады.