
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының емдеу-алдын алу, ұйымдастыру-әдістемелік және алдын алу жұмысы бөлімдерінде 13 медбике жұмыс істейді.
Медбике күні-маңызды, әрі абыройлы мамандыққа көрсетілетін құрмет. Біз оларды бекер «медбике» деп атамаймыз: олар дәрігерлердің басты көмекшілері және пациенттермен дәрігерлерге қарағанда жиі байланыс жасайды, өйткені дәрігердің тағайындауларын орындау міндеті олардың мойнына жүктеледі.
Орталықта 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан емдеу-алдын алу бөлімінің медбикесі- Махаббат Карбаеваның айтуынша, ол өз қызметін бастаған кезде есепте небәрі 15 адам болған.
"Бірақ содан бері медицинаның алға жылжуы қуантады: өмірді сақтайтын және дені сау балаларды дүниеге әкелуге мүмкіндік беретін терапия пайда болды. Ең бастысы, қоғамның АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және аурудың өзіне деген көзқарасы айтарлықтай өзгерді. Бүгінде халық АИТВ-инфекциясы туралы көбірек біледі, бұл туралы ашық айтады және тәуекелдер болған жағдайда тестілеуден өту үшін орталыққа жүгінеді", - деп пікірімен бөлісті біздің сұхбаттасушы.
Айтпақшы, медбике күні 12 мамырда атап өтілуі кездейсоқ емес, өйткені дәл осы күні медбике ісінің негізін қалаушы болып саналатын Флоренс Найтингейл (1820-1910) дүниеге келді. Ол заманауи гигиенаның, медицинадағы дәлелді тәсілдің және кәсіби медбикелік күтімнің негізін қалады. Оның жұмысының арқасында медицина қауіпсіз, жүйелі және тиімді болды.