
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы - тек заңдарды білумен шектелмейді. Ол адамның өзіс-әрекетіне, денсаулығына және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарауын да білдіреді. Бұл тақырыптар Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенттерімен өткен АИТВ-инфекциясының алдын алуы бойынша диалог алаңында талқыланды.
2026 жылғы 15 қыркүйекте жастар алдында Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы - Давид Демерчян және Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Асель Балтабаева сөз сөйледі.
Кездесу барысында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қазіргі адамның мәдениетінің маңызды бөлігі екеніне ерекше назар аударылды. АИТВ-ның берілу жолдарын, алдын алу тәсілдерін және уақтылы тестілеуден өту мүмкіндіктерін білу саналы шешім қабылдауға, өз денсаулығына ғана емес, айналасындағылардың денсаулығына да қамқорлық жасауға мүмкіндік береді.
Жастармен осындай кездесулер өткізу жауапты мінез-құлықты, құқықтық сауаттылықты және денсаулық мәселелеріне мұқият қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
