
2026 жылғы 24 маусымда Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мен Облыстық психикалық денсаулық орталығы арасында ведомствоішілік өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған кеңес өтті.
Кездесу барысында психикалық денсаулық орталығында динамикалық бақылауда тұрған инъекциялық есірткі қолданатын адамдарды тексеруге қатысты проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, тексеруден жалтарып жүрген адамдарды іздестіру, кодтарды дұрыс беру, сондай-ақ ұсынылатын есептік деректердің шынайылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Динамикалық бақылауда тұрған пациенттерді АИТВ-ға тестілеумен қамтуды қамтамасыз ету психикалық денсаулық қызметінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы бағыттағы ұйымдарымыздың көпжылдық ынтымақтастығы оң нәтижелерін беруде. Өз тарапымнан бұл жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық-әкімшілік қолдау көрсетуге дайынмын», - деп атап өтті Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Александр Высоцкий.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға және облыста АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ тексерумен қамтуды ұлғайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жалғастыруға келісті.
