-->

«    Ноябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Құқықтар мен міндеттер: орталық мамандарына Еңбек кодексінің нормалары түсіндірілді

03.09.2026

Еңбек қатынастарына қатысты мәселелер әрдайым өзекті - жұмысшылар үшін де, жұмыс берушілер үшін де. Сондықтан екі тараптың да Еңбек кодексінің нормаларын сақтауы ұйымның тиімді жұмыс істеуінің маңызды бөлігі болып табылады.

2026 жылдың 2-ші қыркүйегі Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері үшін, еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар өтті.

Іс-шараның басында орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы- Рүстем Молдағали спикерді таныстырып, мұндай кездесулер мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретінін және еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуының алдын алуға ықпал ететінін атап өтті.

Семинар лекторы, Ақмола облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары- Уақыт Бейсембаев бір жарым сағат бойы еңбек заңнамасындағы жаңашылдықтар туралы егжей-тегжейлі айтып, орталықтың медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Орталық әкімшілігі Еңбек инспекциясы департаментіне және жеке Уақыт Бегайдарұлына мазмұнды ақпарат бергені және Еңбек кодексінің нормаларына қатысты қызықтырған мәселелерді жан-жақты түсіндіргені үшін алғыс білдіреді.