-->

«    Сентябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь

17.08.2026

 

2026 жылғы 10-14 тамыз аралығында Алматы қаласында АИТВ-мен өмір сүретін жасөспірімдерге арналған Республикалық жазғы лагерь өтті. Ақмола облысынан лагерьге екі бала қатысты.

Жыл сайын өткізілетін ауқымды іс-шараны «Равный равному плюс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Осы күндері 50-ден астам жасөспірім таулы аймақтағы көрікті жерде демалып қана қоймай, өз денсаулығы, құқықтары мен мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алып, түрлі мамандықтарды байқап көрді және шығармашылық іс-шараларға қатысты.

Лагерь аяқталған соң балалар өздерімен бірге жағымды эмоциялар, жарқын әсерлер мен сыйлықтарды алып, ең бастысы — жаңа достар тауып қайтты.

Орталық психологы, қатысушыларға жетекшілік еткен Маргарита Рыбина атап өткендей, жазғы лагерьдің негізгі мақсаты — жасөспірімдер үшін қарым-қатынас жасауға, қолдау көрсетуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін қауіпсіз орта қалыптастыру, олардың АИТВ, құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандырылуын арттыру, сондай-ақ өзіне және өз күшіне деген сенімін нығайтуға көмектесу.