-->

«    Сентябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Әріптестерімізді құрметті еңбек демалысына шығарып салдық

14.08.2026

Бүгін Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында қуанышты да, қимастық сезімге толы ерекше күн болды. Орталықтың ұжымы үш зертханашыларды — Замзагүл Темешова, Анар Шаимова және Айгүл Мұстафинаны зиянды еңбек жағдайларына байланысты, құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Осыған орай салтанатты жиын өтіп, онда әріптестерге көп жылғы еңбегі, кәсіби біліктілігі және өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс айтылды. Оларға алғыс хаттар, гүлдер мен естелік сыйлықтар табысталды.

Орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы - Рүстем Молдағали, АИТВ- инфекциясын зертханалық диагностикалау саласындағы жоғары кәсібилігін, мамандыққа деген адалдығын және жұмысқа жауапкершілікпен қарағанын атап өтіп, көп жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді.

Замзагүл Темешова, орталықта 22 жылдан астам еңбек етті, ал жалпы еңбек өтілі- 35 жылды құрайды. Көкшетау медициналық колледжін тәмамдағаннан кейін, анестезист медбикесі болып жұмыс істеп, 2004 жылдан бастап орталығымызда зертханашы қызметін атқарды. Құрмет демалысына шыққанға дейін облыстың медициналық ұйымдарынан биоматериал қабылдауға жауапты болды.

Анар Шаимова, орталықта 9 жылдан астам еңбек етті, ал жалпы еңбек өтілі — 38 жыл. Әр жылдары ФАП-та және жедел жәрдем қызметінде фельдшер, Ақмола облыстық балалар ауруханасының неврология бөлімінде медбике, аудандық орталық ауруханасында және Ақмола облыстық ауруханасында зертханашы болып жұмыс істеді. Орталықтағы еңбек жолының соңғы жылдарында ПТР әдісімен зертханалық диагностика жүргізді.

Айгүл Мустафина, орталықта 8 жылдан астам еңбек етті, ал жалпы еңбек өтілі- 36 жылды құрайды. Еңбек жолын аудандық орталық ауруханада зертханашы болып бастап, кейін Перинаталдық орталықта және Ақмола облыстық ауруханасында жұмыс істеді. Орталықта ИФТ әдісімен вирустық гепатиттерді анықтаумен айналысты.

Көп жылғы еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз және бірлескен жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасылық береке, жан жылуы және жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!