-->

«    Ноябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикасы және емі: медициналық кеңестің негізгі тақырыптары

05.11.2026

5-інші қараша Көкшетау жоғары медициналық колледжінде Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының медициналық кеңесі өтті. Жиында 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары мен төртінші тоқсанға арналған міндеттер талқыланды.

Отырысты ашқан орталықтың бас дәрігері -  Р.Молдағали:  «Біз медициналық кеңестер өткізу дәстүрін қайта жаңғырттық. Бұл - жұмыстың қорытындысын шығарып қана қоймай, туындаған мәселелерді ашық талқылауға, пікір алмасуға және оларды шешу жолдарын бірлесе іздеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Бас дәрігердің орынбасары- С.Жаканова, медициналық ұйымның тоғыз айдағы жұмысының алғашқы қорытындысын баяндап, төртінші тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпаратын берді.

Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі- Б. Бапенова, Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды және есепті кезеңдегі бөлім жұмысының нәтижелерін таныстырды.

Медициналық кеңесте алдын алу жұмыстардың нәтижелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек көрсету, диспансерлік бақылау және зертханалық диагностика мәселелері де қаралды. Осы бағыттар бойынша алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- А.Балтабаева, емдеу-алдын алу жұмысы және диспансерлеу бөлімінің меңгерушісі- С.Бурмаганова, сондай-ақ зертханашы дәрігері - Л.Маслова баяндама жасады.

Медицина қызметкерлері алдын алу іс-шаралардың тиімділігін арттыруға, АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтауға және медициналық көмектің сапасын жақсартуға ерекше назар аударды.

Отырыс соңында қатысушылар орталық жұмысының өзекті мәселелерін талқылап, өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикасы және емдеу бағыттары бойынша алдағы міндеттерді айқындады.