-->

«    Октябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмолалық медицина қызметкерлері — республикалық спартакиаданың жеңімпаздары

12.10.2026

Түркістан қаласында медицина қызметкерлері арасында алғашқы республикалық спартакиада өтті. Бұл спорттық іс-шара Кәсіподақтар күніне орай ұйымдастырылды.

8-10 қазан аралығында еліміздің 11 өңірінен келген 200-ден астам медицина қызметкерлері спорттың алты түрі бойынша бақ сынады. Олар волейбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және жеңіл атлетикадан жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Жерлестеріміз шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және тоғызқұмалақтан жеңіске жетіп, шахматтан екінші орын алды.

Жалпы жеңіске біздің орталықтың қызметкері, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі- Мұрат Мұстафин де үлес қосты. Ол шағын футболдан сынға түскен команда құрамында өнер көрсетті.

Ақмолалық медицина қызметкерлері өз мамандығында ғана емес, спортта да жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен және тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, спорттық жетістіктер және барлық бастамаларына табыс тілейміз!