-->

«    Август 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұжымына жаңа басшы таныстырылды

01.07.2026

 

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып Рүстем Салькиұлы Молдағали тағайындалды.

2026 жылғы 1 шілдеде орталық ұжымына жаңа басшыны Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек таныстырды.

Рүстем Салькиұлы - жоғары санатты хирург дәрігері, бірінші санатты дәрігер ұйымдастырушы, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты.

1977 жылғы 24 қазанда Ақмола облысының Макинск қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша интернатураны тәмамдаған. 2005-2007 жылдары аталған оқу орнында клиникалық ординатурадан өткен. 2023 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Көкшетау қалалық ауруханасында хирург дәрігері болып бастаған. 2009-2014 жылдары ұйымдастырушылық-практикалық қызметпен айналысып, облыстың бас хирургы қызметінен бастап Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы лауазымына дейін еңбек етті, емдеу-профилактикалық қызметті, лицензиялау және дәрілік саясат мәселелерін үйлестірді. Ерейментау аудандық орталық ауруханасы мен Көкшетау жоғары медициналық колледжін басқарған. Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі 23 жылдан асады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек атап өткендей, Рүстем Салькиұлының практикалық, ғылыми және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте мол тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, жаңа басшының алдына өңірдегі АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу бағытындағы стратегиялық маңызды міндеттерді одан әрі іске асыру тапсырылды. Басым бағыттардың қатарында медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасын нығайту және халыққа көрсетілетін білікті медициналық көмектің сапасын одан әрі жетілдіру бар.

Кездесу соңында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жаңа басшыға жұмысына табыс, қойылған мақсаттарға қол жеткізу және облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту жолындағы жемісті қызмет тіледі.