
20 қарашада Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған брифинг өтеді.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарының негізгі бағыттары және Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат береді.
Күні: 2026 жылғы 20 қараша
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1Б, Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.