-->

«    Ноябрь 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Щучинск қаласында үгіт-насихат топтарының байқауына 150-ден астам адам қатысты

25.11.2026

Щучинск қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған дәстүрлі жыл сайынғы үгіт-насихат топтарының байқауы өтті.

Биылғы іс-шараға Бурабай ауданының жалпы білім беретін мектептерінен 22 команда қатысып, 150-ден астам оқушыны біріктірді.

Үздік атану жолында 14 ауылдық және 8 қалалық мектептің өкілдері бақ сынады. Үш сағаттан астам уақытқа созылған байқау барысында командалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, тақырыптық қойылымдар арқылы құрдастарының назарын АИТВ-инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салты мәселелеріне аударды.

Байқауды Щучинск қаласындағы «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырды. Орталықтың бастамасымен Бурабай ауданында мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіліп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және маңызды әлеуметтік құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік беріп келеді.

Қатысушыларға Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева құттықтау сөзін арнады.

«Осындай маңызды бастаманы жылдан жылға қолдап, ұйымдастырып келе жатқан азаматтарға алғысымды білдіремін. Байқауға белсенді қатысып, өз үлгілерімен азаматтық ұстанымның, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың және құрдастарына пайдалы ақпарат жеткізудің маңыздылығын көрсетіп жүрген командаларға ерекше алғыс айтқым келеді. Барша қатысушыларға сәттілік, жарқын өнер көрсетулер мен жаңа шығармашылық идеялар тілеймін», - деді маман.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Дмитриевка жалпы білім беретін мектебінің «Не суди» командасы жеңіп алды.

Ауылдық мектептер арасында бірінші орынды Ақылбай ауылының жалпы білім беретін мектебінің «Стоп СПИД» командасы мен Успеноюрьевка мектебінің «Твой выбор» командасы бөлісті. Ал Щучинск қаласындағы мектептер арасында № 5 жалпы білім беретін мектептің «Импульс» командасы үздік атанды.

Байқау шығармашылық тәсіл мен жастардың белсенді қатысуы денсаулыққа қатысты маңызды мәселелерді құрдастарына түсінікті әрі қызықты тілде жеткізуге мүмкіндік беретінін тағы бір мәрте көрсетті.