
25 қараша күні Көкшетау қаласындағы №19 жалпы орта білім беретін мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті.
Кездесуде Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы алдын алу жұмысы бөлімінің эпидемиолог дәрігері- Балғын Сарбасова сөз сөйледі.
Кездесу ашық әңгіме форматында өтті. Маман АИТВ-ның жұғу жолдары, инфекцияның алдын алуы мен емдеудің заманауи мүмкіндіктері туралы айтып, АИТВ-ға тестілеуден уақтылы өтудің маңыздылығын түсіндірді.
Сондай-ақ күнделікті өмірде АИТВ-ны жұқтыру мүмкіндігі, АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен қарым-қатынас және диагнозға байланысты кемсітушілікке жол бермеу мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер АИТВ туралы шынайы ақпарат алуға, қоғамда әлі де кездесетін қате түсініктерді сейілтуге және бұл тақырыпты ашық талқылауға мүмкіндік береді.