6 желтоқсан 2016 жылы Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы "Көкшетау" МС-да Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына арналған жастар акциясын өткізді. Көкшетау қаласының жалпы білім мектептерінің, колледждер, ЖОО оқушылары, студенттері, ЕПҰ, ҚІІБ НКБ, ресурстік жастар орталығынан, облыстық комиссариаттан шақырылғандар, БАҚ өкілдері келді, барлығы 600 адам.
Акцияда АИТВ-жұқпасы туралы бейнероликтер көрсетілді, облыстық ең жақсы КВЕСТ-ойын және ең жақсы тренингтік жаттығу конкурстардың жеңімпаздары марапатталды, Мәдениет Сарайының кіреберісінде ақпараттық-білімдендіру материалын таратумен қоса «Жүрегіңді аш: қорқудың керегі жоқ, білген жөн!» атты акция өткізілді.
Жастар акциясы «Акмолинская правда», «Степной маяк» газеттерінде жарияланады.