
2026 жылғы 23 қаңтарда Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы жанындағы оқу орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өткізілді.
Дәстүр бойынша, мұндай кездесуде вирустың таралу жолдары мен алдын алу шаралары қамтылды. Кездесу спикері - алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева, АИТВ - инфекциясын емдеудің заманауи тәсілдерін, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда дені сау балалардың туу мүмкіндіктерін қоса алғанда, өзекті мәселелерге ерекше назар аударды.
Кездесуге қатысушылар, негізінен жастар өкілдері тақырыпқа белсенді қызығушылық танытып, вирустың шығу тегі және инфекциядан кейін пайда болуы мүмкін белгілер туралы сұрақтар қойды.
Асель Булатовнаның айтуынша, мұндай кездесулер қоғамға маңызды және сенімді ақпарат таратуға ғана емес, сонымен қатар адамдардың АИТВ- инфекциясы туралы хабардарлық деңгейін бағалауға және қолданыстағы мифтер мен стереотиптерді жоюға мүмкіндік береді.
