«    Март 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : МӘМС бойынша оқыту: 2026 жылдан бастап не өзгереді

26.12.2025

2026 жылы Қазақстанда медициналық қызмет көрсету жүйесінде жаңа ережелер қолданыла бастайды. Өзгерістер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) әсер етеді.

Бұған Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында өткен оқыту семинары арналды.

Бас дәрігердің орынбасары - Сауле Жаканованың айтуынша, келесі жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакетін кезең-кезеңімен енгізу басталады, ол: көрсетілетін қызметтердің қайталануын қоспағанда, ТМККК мен МӘМС-ті нақты ажыратуды, аурулардың ерте алдын алуының қолжетімділігін арттыруды, әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау бойынша кепілдіктерді кеңейтуді, ресурстарды қайта бөлу есебінен жүйенің қаржылық тұрақтылығын және денсаулық сақтаудың толыққанды сақтандыру моделі.

Айта кету керек, 2026 жылдың қаңтарынан бастап, ТМККК-да 11 әлеуметтік маңызы бар ауруларға, оның ішінде туберкулезге, созылмалы вирустық гепатитке және бауыр циррозына, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарына, қатерлі ісіктерге, жедел миокард инфарктісіне (алғашқы 6 ай), орфандық ауруларға, эпилепсияға, инсультке және басқа да ауыр жағдайларға күдік болған кезде диагностика қолжетімді болады.

АИТВ-инфекциясын диагностикалау және емдеу бұрынғыдай ТМККК пакетінде қалатынына және мемлекет есебінен тегін қамтамасыз етілетініне ерекше назар аударамыз.