
Ақмола облысының үш журналисі Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған байқауға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Олардың қатарында: «Акмолинская правда» газетінің тілшісі- Наталья Яковлева, «Арқа ажары» газетінің меншікті тілшісі- Гүлфайруз Төремұратова және "Kokshe" телеарнасының редакторы- Сания Идрисова болды.
Алғыс хатында: «АИТВ-ның алдын алу және тестілеу бойынша материалдарын ұсынудағы кәсібилігі, шығармашылық қабілеті және жоғары стандарттары үшін» деп атап өтілді. Құжатқа Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры- Р.Қуанышбекова және Қазақстан АИТВ-мен өмір сүретін адамдар одағының президенті- Н.Аманжолов қол қойды.
"Алғыс хаттармен марапатталған әріптестерімді құттықтаймын және өңірдегі АИТВ-инфекциясының алдын алуға қосқан үлесіңіз бен бірлескен жұмысыңыз үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді", - деп атап өтті орталықтың баспасөз хатшысы - Нурлыбек Конуспаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Дүниежүзілік ЖИТС - пен күрес науқаны 2025 жылғы 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында "АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан- тиімді өзгерістерге" ұранымен өтуде.
