«    Март 2026    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : «Білу құқығы: стереотиптерсіз АИТВ» журналистер байқауы

08.12.2025

 

Ақмола облысының үш журналисі Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған байқауға қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Олардың қатарында: «Акмолинская правда» газетінің тілшісі- Наталья Яковлева, «Арқа ажары» газетінің меншікті тілшісі- Гүлфайруз Төремұратова және "Kokshe" телеарнасының редакторы- Сания Идрисова болды.

Алғыс хатында: «АИТВ-ның алдын алу және тестілеу бойынша материалдарын ұсынудағы кәсібилігі, шығармашылық қабілеті және жоғары стандарттары үшін» деп атап өтілді. Құжатқа Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры- Р.Қуанышбекова және Қазақстан АИТВ-мен өмір сүретін адамдар одағының президенті-        Н.Аманжолов қол қойды.

"Алғыс хаттармен марапатталған әріптестерімді құттықтаймын және өңірдегі АИТВ-инфекциясының алдын алуға қосқан үлесіңіз бен бірлескен жұмысыңыз үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді", - деп атап өтті орталықтың баспасөз хатшысы - Нурлыбек Конуспаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Дүниежүзілік ЖИТС - пен күрес науқаны 2025 жылғы 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында "АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан- тиімді өзгерістерге" ұранымен өтуде.