«    Декабрь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ дәрігерлер мен педагогтердің назарында

28.11.2025

Көкшетауда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған педагогтармен дәстүрлі іс-шара өтті.

2025 жылғы 28 қарашада онлайн-форматта білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оған облыс колледждері мен Көкшетау қаласы мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары және өңірдің білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

Кездесуді ашқан Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы- Нурлыбек Конуспаев, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіз және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Айта кету керек, семинар-кеңес бірнеше мазмұнды бөлімдерден тұрды. Сессияның ақпараттық-ағартушылық бөлігі қатысушыларға АИТВ инфекциясына қатысты негізгі ұғымдарды және алдын алудың заманауи тәсілдерін еске салды.

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай жеке ұсынылды.

Сонымен қатар, алдын алу жұмысында дәрігерлер мен педагогтердің бірлескен әрекеттерін жандандыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді.

Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен және қатысушылардың ұсыныстарын талқылаумен аяқталды. Нәтижесінде жастар арасындағы алдын алу жұмыстарының сапасын жақсартуға және білім беру мен денсаулық сақтау салалары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен шешімдер әзірленді.