
Дуниежүзілік ЖИТС-пен курес куніне орайластырылган кезекті іс- шара Абай Мырзахметов атындагы Көкшетау университетінде өтті.
Бұл күні, 27 қарашада, студенттік аудитория денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды. Қатысушылар АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шараларын, ерте тестілеудің маңыздылығын талқылап, сондай-ақ туберкулезге де назар аударды.
Бір қызығы, «Өзіңе қамқор бол - біл және әрекет жасаl» атауындағы дөңгелек үстел шынымен де мәнін ашып көрсетті. Жас жігіттер мен қыздар медицина қызметкерлерінен пайдалы ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің АИТВ мәртебесін сол жерде біле алды.
«Бүгін жастармен шынымен де өнімді және қызықты кездесу болды. Университет студенттерінің өте белсенді болғаны және талқыланған тақырыптар шынайы қызығушылық тудырғаны қуантады. Медициналық және білім беру мекемелерінің арасындағы бұл ынтымақтастық жастарға өз денсаулықтарына басымдық беруге, мінез-құлқындағы қауіптерді тануға және егер бар болса, оларды түзетуге мүмкіндік береді», - деп бөлісті Ақмола облыстық АИТВ алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаева.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлемде атап өтіледі. Оның мақсаты - инфекцияның таралуына қоғамның назарын аудару және осы диагнозбен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету.