
2025 жылғы 25 қарашада техникалық мектеп-лицейде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті.
Кездесу спикері- Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің эпидемиолог дәрігері- Балғын Сарбасова болды.
Орталық маманының айтуынша, іс - шараның басты мақсаты-жастардың АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттыру және қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты сақтаудың маңыздылығына назар аудару.
Ақпараттық кездесуде оқушылар АИТВ және ЖИТС деген не екенін біліп, инфекцияның берілу жолдарын талқылап, сондай-ақ лектормен бірге АИТВ-инфекциясымен байланысты стигма және кемсітушілік сияқты маңызды аспектілер туралы әңгімелесті.
Мұндай шаралар ауру туралы хабардарлықты арттырып қана қоймай, жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өткен жөн.