«    Декабрь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : 7 мектепке профилактикалық шығу

20.11.2025

Бүгін Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектепке барды.

Орта мектеп оқушыларымен ашық диалог форматында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары талқыланып, сондай-ақ ауру туралы кең таралған мифтер талданды.

Кездесу спикері - орталықтың эпидемиолог дәрігері - Балғын Сарбасова тестілеуден өтудің маңыздылығына және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударды.

Медицина қызметкерлері бүгінде жастарға уақтылы және сенімді ақпарат қажет екенін атап көрсетеді. Мұндай кездесулер жасөспірімдерге маңызды сұрақтарға жауап алуға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

Профилактикалық сапарлар жас ұрпақтың хабардарлығын арттыруда және денсаулығын нығайтуда маңызды құрал болып қала береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Қазақстанда "АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге " ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес  науқаны өтуде.