«    Декабрь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Көкшетау қаласында алдын алу шараларының сериясы жалғасуда

15.10.2025

2025 жылдың 15 қазанында Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының және «Panacea clinic» ЖШС Жастар денсаулық орталығының медицина қызметкерлері «Арна» колледжінің студенттеріне АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпарат берді.
Қала оқу орындарының студенттеріне АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың берілу жолдары мен олардың алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тыңдаушылар өз білімдерін кеңейтіп, жедел-тест арқылы АИТВ-ға тексерілуден өту мүмкіндігіне ие болатын алдын алу іс-шараларының сериясы «Panacea clinic» ЖШС Жастар денсаулық орталығы базасында өткізілген акциямен жалғасын тапты.
Іс-шара барысында қатысушылар Ақмола облыстық АИТВ-орталығының эпидемиолог дәрігері Балғын Сарбасова мен Жастар денсаулық орталығының психологы Улпан Аманбаеваға өз сұрақтарын қойды.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты - тек АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар, жастардың өз денсаулығына және болашағына деген жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру.