
2025 жылғы 13 қазанда Көкшетау қаласында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Panacea clinic» ЖСШ Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, Гуманитарлық-техникалық колледж студенттері арасында акция өткізді.
Бұл күні әлі жас, бірінші курс студенттері алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі- Асель Балтабаевамен АИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары туралы әңгімелесіп қана қоймай, АИТВ-ға жедел тестілеуден де өтті.
«Мұндай кездесулер жастар үшін ерекше маңызды, өйткені олар сенімді ақпаратты тікелей мамандардың аузынан алуға мүмкіндік береді және ең бастысы - өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді», - деп атап өтті Жастар денсаулық орталығының психологы- Улпан Аманбаева.
Әдеттегідей, іс-шара ашық әрі достық жағдайда өтті: студенттер спикермен өз пікірлерін бөлісіп, қызықтырған сұрақтарын талқылады.