
2025 жылдың төртінші қыркүйегінде Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарды медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті.
Жұмысқа ҚАЖ Денсаулық сақтау басқармасы мен департаментінің өкілдері, АИТВ-ның алдын алу орталығының және мекемелерде көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дәрігерлік амбулаторияларының меңгерушілері қатысты.
Орталықтың бас дәрігері- Нұрлан Ахильбеков, осы бағыттағы медициналық ұйымның қызметі туралы айтып, спикерлерді таныстырды. Түрмелердегі және басқа да жабық мекемелердегі адамдарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жағдайды, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы - Сергей Малышко айтып берді.
Іс-шараны эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі - Батеш Бапенова жалғастырды, ол эпидемиологиялық жағдайға және облыстың пенитенциарлық мекемелерінде АИТВ-ға тестілеумен қамтуға тоқталды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмек көрсету туралы орталықтың емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі - Сандуғаш Бурмаганова айтып берді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде алдын алу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Асель Балтабаева атап өтті.
Сонымен қатар, медициналық көмек көрсетудің және тестілеуді өткізудің проблемалық аспектілері бойынша, Көкшетау қалалық емханасы мен Аршалы аудандық ауруханасының дәрігерлік амбулаторияларының меңгерушілері баяндады.
