
2025 жылдың үшінші қыркүйегінде Көкшетауда онлайн-тәртіпте АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды флюорологиялық тексеру мәселелері бойынша ведомствоішілік кеңес өтті.
Іс-шараға бас дәрігерлердің орынбасарлары, фтизиатрлар, бастапқы медициналық-санитариялық көмектің АИТВ бойынша жауапты дәрігерлері мен медбикелері қатысты.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері- Нұрлан Ахильбеков кіріспе сөзінде, АИТВ-инфекциясы мен туберкулез жиі бір - бірімен ұштасатын аурулар екендігін, сондықтан әрбір пациентті флюорологиялық тексерумен қамту өте маңызды екендігін атап өтті.
Кеңестің келесі спикерлері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда туберкулездің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы, сондай-ақ облыстың емдеу-алдын алу мекемелері бөлінісінде флюорографиялық тексеру бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың мониторингі мен бағалануы туралы баяндады.
Фтизиопульмонологиялық қызметтің мониторингі және бағалау тобының жетекшісі- Лилия Высоцкая, жыл сайынғы флюорологиялық тексеруге жататын адамдардың саны бойынша дұрыс деректерді ұсыну керектігін, сондай-ақ тексеру жоспарларын орындауға жауапты адамның бұйрығымен міндетті түрде рәсімдеу өте маңызды екендігін атап айтты.
Кеңес отырыс хаттамасына енгізілген өзекті мәселелерді талқылаумен, пікір алмасумен және ұсыныстармен аяқталды.
