«    Декабрь 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Бірегей мүмкіндік

19.07.2025

2025 жылы 18 шілдеде Көкшетау қаласының орталық базарында АИТВ-инфекциясы туралы халықты ақпараттандыру акциясы өтті. Әдеттегідей, Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері қала тұрғындарымен және қонақтарымен АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, алдын алу әдістері және уақытында тексерілу маңыздылығы туралы әңгімелесіп, бүктемелерді таратып, акцияның қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

Айта кетсек, кез-келген адам АИТВ-ға жедел тестілеуді сол жерде тапсыра алады – бұл үшін арнайы жабдықталған көлікте тестілеу пункті орнатылған. Мұндай шығулар адамдардың хабардар болу деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар ем-шара кабинетіне бармай-ақ, 4-ші буын тест жүйелерін пайдалана отырып, бірнеше минут ішінде өзінің АИТВ жағдайын білуге бірегей мүмкіндік алады. Қала тұрғындары өз ісімен асығыс кетіп бара жатса да, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланды.