
2025 жылдың шілде айында Көкшетауда АИТВ-ның алдын алу бойынша екі іс-шара өткізіліп, 200-ге жуық қала тұрғындары қатысты. Осы шарада 40-қа жуық адам АИТВ-инфекциясы жөнінде білді.
Орталық базар мен әмбебап дүкен аумағында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері көкшетаулықтармен жұғу жолдары, алдын алу әдістері және дер кезінде тексерілу маңыздылығы туралы әңгімелесіп, бүктемелер таратып, шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Айта кетсек, кез-келген адам АИТВ-ға жедел тестті сол жерде тапсыра алады – бұл үшін арнайы жабдықталған көлікте тестілеу пункті орнатылған. Мұндай шығулар хабардарлықты арттыруға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар емшара кабинетіне бармай-ақ, 4-ші буын тест-жүйелерін пайдалана отырып, бірнеше минут ішінде АИТВ мәртебесін білуге бірегей мүмкіндік береді. Көптеген қала тұрғындары өз істеріне асықса да, бұл мүмкіндікті жібермеді.
Алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Асель Балтабаева атап өткендей:
«Біздің орталықта өткізілетін акциялар халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттырып қана қоймай, стереотиптер мен алалаушылықтардан бос қоғам құруға ықпал ете отырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады».