
2025 жылғы 15 мамырда орталықта шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту өтті.
Оқуды ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының Ақмола облыстық филиалының директоры- Асхат Уайсов жүргізді.
Оқыту барысында қатысушылар алғашқы көмек көрсетуді уақтылы және тиімді көрсету үшін қажетті теориялық білімдерімен бірге тәжірибелік дағдыларын да алды.
Сананың жоғалуы, жол-көлік оқиғалары және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритміне ерекше назар аударылды. Мамандар дәрісті тыңдап қана қоймай, алған білімдерін тәжірибеде тәжірибелі нұсқаушының жетекшілігімен пысықтады.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Асхат Уайсовқа және ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамына қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қосқан құнды үлесі үшін алғыс білдіреді және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.