
2025 жылғы 15-17 сәуір аралығында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының бригадасы Ақкөл ауданы мен Степногорск қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасында 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың Жол картасына сәйкес, өңірдің дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлерін даярлау болды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне, жүктілік, босану және емізу кезінде АИТВ, мерез және С вирустық гепатитінің берілуінің алдын алуға, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды уақтылы тексеруге және емдеуге, соның ішінде қатар жүретін ауруларды емдеуге ерекше назар аударылды.
Дәл осы екі өңірдің медицина қызметкерлерін оқытудың өзектілігі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты: аталған өңірлерде АИТВ-ның таралу деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен асып түседі. Сонымен қатар, соңғы екі жылда медициналық қызметкерлер арасында айтарлықтай жаңару болды. Көптеген мамандар бұрын пациенттердің осы санатымен жұмыс істеу тәжірибесі шектеулі немесе мүлдем болмаған.
Айта кету керек, осы екі күнде орталық дәрігерлері өңірдің медициналық ұйымдарында ғана емес, Степногорск қаласындағы №4 және №5 мекемелерде болды. Онда АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен АИТВ-инфекциясын емдеуге бейімділік, сондай-ақ ұстара керек-жарақтарын қоса алғанда, жеке гигиена заттарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мекеме қызметкерлерімен ашық диалог форматында ұйымдастырылған семинар сабақтары өткізілді.