
2025 жылғы 7 наурызда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Бас дәрігердің міндетін атқарушы - Нұрлан Ахильбеков, ұжымдағы қыз-келіншектерге жылы лебізін білдірді.
Ол біздің әріптестеріміздің күн сайын өз жұмыстарына жұмсайтын кәсібилігі, мейірімділігі мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғысын айтты. Олардың АИТВ-инфекциясының алдын алудағы қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, олардың еңбегінің арқасында халық пен пациенттер арасында үлкен ақпараттық және емдеу-алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, адамдардың денсаулығы сақталатынын және қоғамның осы ауруға жауапкершілікпен қарауы қалыптасатынын атап өтті.
Осы мереке күні әйелдерге амандық, денсаулық және бақыт тілейтін ең жылы тілектер айтылды. Көктем Сіздерге қуаныш, шабыт және жаңа жетістіктер әкелсін!
Мереке құтты болсын, құрметті әйелдер қауымы!
