
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып Нурлан Салимович Ахильбеков тағайындалды.
2025 жылғы 28 ақпанда орталық ұжымына облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары- Серик Омарханов жаңа басшыны таныстырды.
Нурлан Салимович 1968 жылы 20 шілдеде Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "Педиатрия" мамандығы бойынша бітірген. Одан әрі қосымша білім алды: 2005 жылы «Казпотребсоюза» Қарағанды экономикалық университетін "Қаржы" мамандығы бойынша, 2016 жылы - "Денсаулық сақтаудағы менеджменті" бағыты бойынша ҚГЗУ университетін, ал 2018 жылы - "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша Словацкая Республикасындағы Danubius университетін бітірді.
Еңбек жолын 1993 жылы Торғай облыстық ауруханасында дәрігер-реаниматолог болып бастады. 1996-2005 жылдар аралығында әртүрлі емдеу мекемелерінде терапевт, бас дәрігер қызметтерін атқарды.
Одан кейінгі жылдары денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтер атқарды. 2009-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығын басқарды. 2011-2013 жылдары Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығын басқарды. 2013-2017 жылдары Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры болды. 2017-2020 жылдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарды. 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Авариялық медицина ұлттық үйлестіру орталығын басқарды. 2022 жылы «Viamedis» ЖШС-ның Степногорск қаласындағы филиалының басшысы болды. 2022 жылдың соңынан 2024 жылға дейін Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
Жаңа басшының айтуынша, орталық өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы стратегиялық маңызды міндеттерді жүзеге асыруды жалғастырады. Атқарылған жұмыстардың сабақтастығына, сондай-ақ халыққа білікті медициналық көмек көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.