
2025 жылғы 11 ақпанда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері Курманбек Бурмагановқа шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту орталығының мамандарының өткендігін растайтын сертификат табыс етілді.
Құжатты Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының директоры- Асхат Уайсов тапсырды, айта кетсек, бұл оқуды өзі жүргізген.
Медициналық ұйымның бас дәрігері алғашқы медициналық көмек көрсету дағдысы әрбір адамға қажет екенін атап өтті. Сондықтан медициналық білімі жоқ қызметкерлердің білімін арттырып, медицина қызметкерлерінің білімін жаңарта алатындай орталық шеберлік сыныбына алаң берді.
Тренинг барысында қатысушылар алғашқы медициналық көмекті дер кезінде және тиімді көрсетуге қажетті теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды да алды.
Естен тану, жол-көлік оқиғалары және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер алгоритміне ерекше назар аударылды. Мамандар дәріс тыңдап қана қоймай, тәжірибелі нұсқаушының жетекшілігімен алған білімдерін іс жүзінде қолдана білді.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы, Асхат Уайсовқа және Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамына қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қосқан құнды үлесі үшін алғысын білдіреді және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.