
2025 жылғы 23 қаңтарда Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға мотивациялық кеңес беру мәселелеріне тиесілі медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шараның спикері орталықтың психологы- Маргарита Рыбина болды.
Семинарда Маргарита Сергеевна, ауруды қабылдаумен байланысты маңызды аспектілерді атап өтті. Ол адамның әлеуметтік және конституциялық сипаттамалары АИТВ-инфекциясының субъективті ауырлығына қалай әсер ететіні туралы айтты. Семинарға қатысушылар кеңес беру тәсілінде шешуші рөл атқаратын аурудың ішкі көрінісін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Психотиптер мен темпераменттерді талдауға ерекше назар аударылды. Спикер тиімдірек қарым-қатынас орнату және емдеуге, денсаулықты сақтауға ынталандыру деңгейін арттыру үшін пациенттің жеке ерекшеліктерін қалай ескеру керектігін түсіндірді.
Семинар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар ұсынылған тақырыптарды белсенді түрде талқылап, сұрақтар қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай өзара әрекеттестік медицина қызметкерлеріне кәсіби білімдерін кеңейтіп қана қоймай, эмпатия және пациенттерге жеке көзқарас дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Мұндай іс-шаралар АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен жұмыс істеуге кешенді көзқарастың маңыздылығын көрсетеді және медицина қызметкерлеріне олардың кәсіби қызметіне байланысты қиындықтарға жақсырақ дайындалуға көмектеседі..