
Көкшетауда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған педагогтармен дәстүрлі іс-шара ұйымдастырылды.
2024 жылғы 21 қарашада онлайн-форматта білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті.
Бұл кеңеске Көкшетау қаласындағы колледждер мен мектептер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, облыстың білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Кеңесті Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің орынбасары- Сәуле Жаканова, құттықтау сөз сөйлеп ашты.
"Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында біз педагогикалық жұртшылықтың назарын АИТВ - инфекциясының алдын алу мәселелеріне аударғымыз келеді, осы күнге арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылағымыз келеді", - деп бөлісті Сәуле Касеновна.
Іс-шара бағдарламасы бойынша келесі спикер Ақмола облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы- Айгүл Магавина болды. Ол мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды, жыныстық білім беру және нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық кездесулерді, соның ішінде білім беру жүйесінде жүргізілетін АИТВ-инфекциясын қамтитын денсаулық сақтау технологиялары туралы айтты.
Іс-шараны Орталықтың алдын алу жұмысы бөлімінің маманы- Нурлыбек Конуспаев жалғастырып, ол кеңеске қатысушыларды эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етіп, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттық презентация және білім беру ортасында алдын алу жұмыстарын жандандыру бойынша ұсынымдар ұсынды.
Спикер, жастар арасында АИТВ - ның алдын алуда педагогтар мен дәрігерлердің бірлескен әріптестігі-салауатты және білімді қоғам құрудағы маңызды құралдардың бірі екенін атап өтті. Мұндай ынтымақтастық оқушылардың АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары туралы білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға көмектеседі.
Сондай-ақ, "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының психологі - Галина Анисимова да, АИТВ-инфекциясының алдын алудағы тәжірибесімен бөлісті.
«Жыл сайын АИТВ-инфекциясына арналған еске алу күндерінде Бурабай ауданында түрлі іс-шаралар өткіземіз. Бұл үгіт-насихат топтары, ток-шоулар, спорттық ойындар, диалог алаңдары және басқа да шаралар сайысы. Біз АИТВ індетін жұқтырған сенімді дәрігермен тығыз жұмыс жасаймыз», - деді Галина Аркадьевна.
Іс-шара сұрақ-жауап және қатысушылардың кері байланысымен аяқталды.