Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері Бұланды және Аршалы аудандарының медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетті.
2024 жылғы 29-31 қазан аралығында пациенттерді қабылдау, тәжірибелік сабақтармен семинарлар өткізіліп, сондай-ақ динамикалық есепте тұрған адамдар орналасқан пенитенциарлық мекемелерге сапарлар ұйымдастырылды.
Бұланды ауданының әріптестерімен бірлесе отырып, өңірде АИТВ-инфекциясы жағдайларының өсу себептерін талқылап, инфекция ошақтарын анықтау мен байланысатын тұлғаларды тексерудегі бар проблемаларға ерекше назар аударды.
Аршалы ауданында АИТВ-инфекциясының анықталған жаңа жағдайы бойынша қызметтік тергеу жүргізілді.
Медицина қызметкерлеріне арналған семинарларда халық арасында ақпараттық жұмыстың маңыздылығына баса назар аударылды, өйткені ол АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін болдырмаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.