«    Март 2025    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Туберкулез туралы хабардарлықты арттыру

03.10.2024


2024 жылдың үшінші қазанында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында "Игілік" қоғамдық қорының және фтизиопульмонологиялық қызметтің мамандарымен кездесу өтті.

Үкіметтік емес ұйымның фтизиатры Тамила Шаяхметова туберкулездің не екенін, оның қандай жолмен берілетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Дәрігер медицина қызметкерлерінің назарын ауру бойынша нормативтік-құқықтық базаға аударды, сондай-ақ кең дәріге төзімді туберкулезді емдеудің заманауи әдістері туралы ақпаратпен бөлісті.

Спикердің айтуынша, АИТВ-инфекциясы және туберкулез бұл қатар жүретін екі сырқат. АИТВ жұқтырған кезде адамның иммундық жүйесі сарқылып, туберкулезге әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл аурулардың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс өте маңызды. 

Сонымен қатар, кездесуде Фтизиопульмонологиялық қызметтің маманы Татьяна Пегливанян бөліскен "Стоп ТБ" ұлттық әріптестік стратегиясының аспектілері қозғалды.

Қазақстанда бұл қозғалыс 2017 жылы құрылған. Негізгі миссия -туберкулезбен ауыратын әрбір науқас үшін тиімді диагностика мен емдеуге қол жеткізуді қамтамасыз ету, инфекцияның берілуін тоқтату, оның әлеуметтік және экономикалық зақымдануын азайту, аурумен күресудің жаңа құралдары мен стратегияларын әзірлеу және енгізу.

Осы тұжырымдамаға сәйкес, 2035 жылға қарай Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының стратегиясына сәйкес туберкулез эпидемиясын тоқтату міндеті қойылды.