Көкшетауда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша соңғы жазғы акция өтті.
2024 жылдың 28 тамызында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары орталық әмбебап дүкен маңында жедел тестілеу және консультация берудің мобильді пункті ашты. Бұл күні кез-келген адам жұқтыру жолдары мен алдын-алу шаралары туралы ақпарат, АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды естіп және кездейсоқ әңгімеде медицина қызметкерлеріне қызықтыратын сұрақтар қойып жауаптар алды.
Мұндай формат дәрістерден, семинарлардан, тренингтерден және топтық ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының басқа түрлерінен айырмашылығы акцияға қатысушылардың әрқайсысымен қарым-қатынас даралығын ерекшелейтінін атап өту маңызды.
Жаздың үш айында облыс орталығында алты акция өтті, оған 500-ге жуық адам қатысты, олардың 148-і өздерінің АИТВ-мәртебесін экспресс-әдіспен таныды.
Орталықтың диагностикалық зертханасының зертханашысы Людмила Маслованың айтуынша, капиллярлық қан бойынша жедел тестілеу кезінде медициналық ұйымда төртінші буын тест-жүйелері қолданылады. Олар вирусты ерте анықтауға мүмкіндік береді, өйткені олар АИТВ-ға антиденелерді ғана емес, сонымен қатар антигенді де анықтайды. Мысалы, егер антигенді 7-10 күнде анықтауға болатын болса, онда антиденелер 21 күннен кейін шығарылады және бұл процесс 3 айға дейін созылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай акциялар қыркүйек және қазан айларында Көкшетау қаласында ашық ауада өтеді. Өткізу уақыты мен орны туралы толығырақ ақпаратты орталықтың әлеуметтік желілерінен білуге болады.