«    Декабрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ және туберкулез бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ-ны тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік дөңгелек үстелі

15.08.2024

2024 жылғы 15 тамызда Көкшетауда "АИТВ және туберкулез бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету" атты өңірлік дөңгелек үстел өтті.

Үш сағат ішінде дөңгелек үстелге қатысушылар АИТВ және ТБ компоненті бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҮЕҰ-ны тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелерді, жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл аспектілерін және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шара жұмысына денсаулық сақтау министрлігінің, Елдік үйлестіру комитетінің, Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының, Денсаулық сақтау басқармасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының, Қ.Құрманбаев атындағы облыстық фтизиопульманология орталығының, сондай-ақ АИТВ және ТБ алдын алу саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы - ЕҮК төрағасының орынбасары- Елена Растокина болды.

Іс-шараға қатысушыларды Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы - Айгүл Катенова және денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары - Бауыржан Сыздықов қарсы алды.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлігі Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы және туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды, АИТВ АОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі- Балгын Сарбасова мен фтизиопульманология орталығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі- Алина Сагидолла талқылаудан бастады.

ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың өкілі Коркем Жетписбаева, ҮЕҰ үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты заңнамалық реттеу, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт жасау және оларды іске асырудағы кедергілерді жою тетіктері туралы ақпаратпен бөлісті.

ЕҮК төрағасының орынбасары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өкілі- Елена Растокина, стигма мен кемсітушілік мәселелерін қозғай отырып, алдын алу бағдарламаларды жүзеге асырудағы қауымдастықтардың рөлі туралы айтты.

ЕҮК хатшылығының үйлестірушісі - Рысалды Демеуова, сектораралық әріптестік және ҮЕҰ мен ХНТ  алдын алу бағдарламаларға тартудың тұрақты тетіктері бойынша презентация ұсынды.

Айта кетсек, дөңгелек үстелде АИТВ-инфекциясы және туберкулез мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар сөз сөйледі, олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудағы өз тәжірибелерімен бөлісті және МӘТ бойынша жобаларға аванс беру, қаржы қаражатын бөлудің тұрақтылығы, жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, жобалардың ұзақ мерзімділігі сияқты проблемалық мәселелерді күн тәртібіне көтерді.

Әр баяндамадан кейін іс-шараға қатысушылар ұсынылған ақпаратты талқылап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіргендігін айтуға болады.

Дөңгелек үстелдің үш сағатқа жуық жұмысының нәтижелері бойынша қатысушылардың ұсыныстары мен тілектері қабылданды, олар Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да мүдделі ұйымдар, ведомстволар үшін Елдік үйлестіру комитетінің ұсынымдарының негізінде қалады.