Алты айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 77 мыңнан астам адам АИТВ-ға тестілеуден өтті, бұл өткен жылмен салыстырғанда бес пайызға артық. Бұл туралы облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі - Сабира Ашимова айтып берді.
Спикердің айтуынша, 2024 жылдың алты айындағы эпидемиологиялық жағдай өңірде тұрақты. Жаңа жағдайлардың тіркелуінің төмендеуі байқалады. Инфекцияның негізгі берілу жолы-жыныстық қатынас.
- Орталық халықты АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандыруға көп көңіл бөлетінін айту маңызды. Және, әрине, тексеруге шақыру алдын алу жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады, - дейді СабираАсеновна.
Дәрігер атап өткендей, web-аутрич, PrEP немесе байланысқа дейінгі алдын алу сияқты халықаралық алдын алу стратегияларды пайдалана отырып, "Зиянды азайту" бағдарламасы арқылы алдын алу шараларға халықтың негізгі топтарын белсенді тарту сырқаттанушылықты азайту түрінде өз жемісін береді.
Халық арасында Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында аудио-бейнероликтер, баннерлер және жедел тестілеу акциялары арқылы әлеуметтік жарнама ақмолалықтарға оң әсер етеді. Осының арқасында қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілік деңгейі төмендеп, вирусты жұқтыруға қатысты қауіптер туралы хабардарлық және олардың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығы артады.
Мұның бәрін біз АИТВ-ға тестілеуден өтетін адамдар санының жыл сайын артып келе жатқандығы туралы айтатын статистикадан байқаймыз. Мәселен, соңғы үш жылда динамикада АИТВ мәртебесін білетіндер саны 12 мыңға артты.
Ең маңыздысы, жыныстық өмір сүретін кез-келген адам, АИТВ-ға тестілеуден өтуі керек. Қосымша қауіп болған жағдайда, мысалы, есірткіні қолдану, мәртебесі сіз білмейтін серіктеспен қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсу ереже болуы керек.
Айта кетсек, тестілеуден өткен кезде теріс нәтиже - АИТВ-ға антиденелер табылмағанын көрсетеді. Алайда, вирустың жасырын кезеңі бар екенін есте ұстаған жөн, ол орта есеппен екі аптадан үш айға дейін созылуы мүмкін. Қауіпті мінез-құлық жағдайында тестілеуді үш айдан кейін қайталау қажет. Медицина мамандары осылай ұсынады.
Оң нәтиже-АИТВ-ға антиденелер анықталса, адам жұқтырғанын білеміз.
Диагноз қою кезінде өте сирек күмәнді нәтижелер болуы мүмкін. Бұл екі себепке байланысты болуы мүмкін: біріншісі – инфекция жақында пайда болғаны және антиденелер жеткіліксіз өндірілгені, екіншісі – аутоиммунды немесе метаболикалық сипаттағы созылмалы аурулар. Мұндай жағдайларда дәрігер тағайындайтын қайта тексеру қажет болады.
Бірақ нәтижеге қарамастан, есте ұстағандарыңыз жөн: білім Сізге іс-әрекетке қосымша нұсқаулық береді. Теріс нәтиже болған жағдайда – қауіпсіз жыныстық мінез-құлық тәжірибесін жалғастыру, ал оң нәтиже бергенде-иммундық жүйеге одан әрі қауіп-қатерді азайту үшін антиретровирустық терапияны қабылдауды бастау.