2024 жылғы 23 мамырда Красный Яр ауылындағы бастапқы медициналық -санитариялық көмек орталығының медицина қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясы орталығының алдын алу жұмыс бөлімінің меңгерушісі, бірінші спикер Балғын Сарбасова қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған іс-шараларды орындау бойынша сапардың қорытындылары туралы айтты.
Орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Гүлмира Сиражиденова емдеу-алдын алу ұйымдарында ауруханаішілік және АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу бойынша презентация жасады. Дәрігер біздің облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ жұқтыру қаупінің факторлары, авариялық жағдайлар және ауруханаішілік және кәсіптік инфекцияның алдын алу туралы айтып берді.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізу техникасы және нәтижелерді оқу әдістемесі көрсетілді.
Соңында орталық мамандары АИТВ-ның берілуіне жол бермеу шаралары туралы ұсыныстар берді және АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша қолда бар нормативтік құжаттар туралы хабардар етті.