«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : АИТВ туралы мемлекеттік қызметшілерге

24.05.2024

2024 жылғы 23 мамырда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша мемлекеттік қызметшілермен ақпараттық кездесу өтті.

Іс-шарада Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы -  Нурлыбек Конуспаев сөз сөйледі.

"Бүгінгі кездесуіміздің үш мақсаты бар. Біріншісі - ақпараттық. АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлықты арттыру денсаулықты сақтау және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділік үшін маңызды. Екіншісі - білім беру. Балаларыңызбен жыныстық қатынас және жыныстық тәрбие туралы сөйлесу дағдыларын игеру. Үшіншісі - кәсіби. Мемлекеттік қызметшілер АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша өңірлік саясатқа қандай да бір түрде әсер етуі мүмкін, сондықтан сенімді ақпаратқа ие болу дұрыс басқару шешімдерін қабылдауға ықпал етеді", - деп атап өтті кездесудің басында спикер.

Сонымен қатар, ақпараттық іс-шарада жұқтыру жолдары мен алдын алу шараларына, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты мифтер мен стереотиптерді жоюға ерекше назар аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың алғашқы төрт айындағы статистикаға сәйкес, негізгі жастағы тәуекел тобы - 30-49 жас аралығындағы адамдар. Олар көрсетілген кезеңдегі барлық анықталған жағдайлардың 60 % құрайды.