«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Ақмола облысының медицина қызметкерлері ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне белсенді қатысты

20.05.2024

Әлемде 41-ші рет ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтілді.

Ақмола облысында осы күнге арналған іс-шаралар тек Көкшетауда ғана емес, сонымен қатар өңірдің медицина қызметкерлерін кеңінен тарта отырып өтті.

Осылайша, Бурабай ауданында барлық дәрігерлік амбулаторияларда Ашық есік күні, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында дөңгелек үстел, "Авиценна-Бурабай" ЖШС медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.

Сандықтауда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша аудандық аурухананың әлеуметтік желілерінде бейнероликтер орналастырылып, Максимовка ауылында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.

Целиноград ауданында 9 елді мекенде жастар үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша әңгімелер мен дәрістер, бейнероликтер көрсетілді. Сондай - ақ  "Жастар ЖИТС-ке қарсы", "Жаман әдеттерден сақ болайық", "Өз өміріміз-өз қолымызда", "Менің өмірім менің қолымда!» үгіт-насихат плакаттарының көрмелері ұйымдастырылды.

Бұланды ауданында "АИТВ-инфекциясы туралы не білу қажет?" атты мақала жарық көрді.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлер арасында семинар өткізіліп,  сайтта атаулы күнге арналған ақпарат орналастырылды.

Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығы және басқа да бірқатар медициналық ұйымдармен Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен посттар жарияланды.