«    Декабрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : 200-ден астам көкшетаулықтар АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша акцияларға қатысты

20.05.2024

Мамырдың әр үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі.

2024 жылғы 14-17 мамыр аралығында Көкшетауда осы атаулы күнге арналған үш ақпараттық акция өтті.

Облыс орталығының үш орнында, «РИО» ССО, Орталық әмбебап дүкені және қалалық саябақтың аумағында ақпараттық-диагностикалық пункттер орналастырылды, онда кез келген адам АИТВ мәселелері бойынша мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тестілеуден өте алады.

«Мұндай ақпараттық шаралар қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы дәстүрге айналды. Олар біздің іс-шараларымызға белсенді қатысып, тестілеуден өтіп, орталық мамандарына өте өзекті сұрақтарын қойып, @akmaitv.kz Instagram желісіндегі ресми аккаунтында бейне-пікірлерін қалдырған жастарды атап және алғыс айтқым келеді», - деп өз пікірімен бөлісті алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі Балгын Сарбасова.

Медицина қызметкерінің айтуынша, мұндай акциялар жаз бойы қалалық саябақта өтеді.

Айта кетейік, үш акцияға 200-ден астам адам қатысып, олардың 50-і іс-шара өтетін жерде өздерінің АИТВ мәртебесін біле алды.