2015 ж. 18-22 мамыр айында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығының мамандары А.Б. Раимбекова және А.С.Сулейменова Урюпинка селосының, Ақкөл қ., Степногорск қ., Сандыктау селосының және Есіл қ. балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Денсаулық жолымен» бірлесіп бару акциясының аясында, Ақмола облысының ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасымен, облыстық наркологиялық оңалдыру орталығымен, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, Раздольное селосының «Сенім» орталығы пациенттерінің қатысуымен АИТВ-инфекциясының алдын алу жөнінде, «Республикадағы және Ақмола облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай» презентациясы көрсетіліп, кездесулер өткізілді. Балалармен кездесу барысында, талқыланды: АИТВ-ның ЖИТС-тен айырмашылығы қандай, адамның иммун тапшылығы вирусы нені жояды, АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу әдістері мен таралуларына байланысты «Степной огонь», «5 секунд» жаттығулары, адамның сыртқы пішінінен АИТВ-жұқтырғанды анықтауға «Ловушка» ойыны өткізіліп, «Личная история», «Профилактический ролик» бейнероликтер көрсетілді. Лекцияның соңында, мемлекеттік және орыс тілдерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша, плакаттар мен бүктемелер таратылды.