«    Октябрь 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ccылки:

www.mz.gov.kz
Министерство Здравоохранения и социального развития Республики Казахстан


www.caap.info
Центрально-Азиатский Региональный Проект по Контролю СПИД


www.carisa.info
Региональная информационная система по ВИЧ/СПИД


www.plwh.kz
Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ


Телефон доверия: 50-51-01




Жаңалықтар : Аршалы және Ерейментау аудандарына мониторингтік сапар

26.04.2024

 

2024 жылғы 23-25 сәуір аралығында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының бригадасы ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Ерейментау және Аршалы аудандарына барды.

 Орталықтың дәрігерлері аудандарды аралау барысында, АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, ауруханаішілік АИТВ-инфекциясының алдын алу қағидаттарын сақтау бойынша жағдаймен танысты, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Айта кету керек, екі өңірде де АИТВ-инфекциясының таралуы орташа деңгейде.  Инфекцияның негізгі берілу жолы – жыныстық қатынас болып табылады. Жас құрылымында 29-49 жас тобы басым. Әлеуметтік мәртебесі бойынша жұқтырғандардың үштен екісі белгілі бір білімі бар жұмыс істейтін адамдар.

Мұндай жағдай медицина қызметкерлерінің әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарды пайдалана отырып, орта жастағы тіркелген тұрғындар арасында ақпараттық-білім беру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін көрсетеді.

Сонымен қатар, жұмыс қорытындысы бойынша оқыту семинарлары өткізіліп, онда облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал, АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік актілердегі өзгерістер, АИТВ-инфекциясын анықтауға міндетті тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер, зертханалық зерттеулердің аналитикаға дейінгі кезеңін сақтау мәселелері қамтылды.

Дәрігерлер мен медбикелермен тәжірибелік оқытуда орталық мамандары төтенше жағдайларда АИТВ-ны анықтауға арналған жедел тесттерді өткізу және түсіндіру әдістемесін үйретті.

Екі ауданда да АИТВ-инфекциясы бойынша мәселелерді үйлестіретін жауапты тұлғалар тағайындалды.