2024 жылдың тоғызыншы сәуірінде Көкшетау қаласындағы "Панацея" студенттік емханасында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған жастарды жедел тестілеу бойынша акция өтті.
Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының медицина қызметкерлерінің десанты емхана кабинеттерінің бірінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жедел тестілеу және кеңес беру бағытын ашты.
Айта кетейік, АИТВ мәртебесін 20 минут ішінде сол жерде бірден білуге болғандықтан, жастар іс-шараға қызығушылықпен қатысты. Сонымен қатар, студенттер орталықтың медицина қызметкерлерінен жұқтыру және алдын алу қауіп факторлары, серологиялық кезең, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу және АИТВ-инфекциясымен байланысты басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алады.
Айта кетейік, жастар өздерінің мәртебесін біліп қана қоймай, Орталық маманынан 20 минуттық қысқа жедел дәрісте АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша базалық білім алды.