Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін, әркімнің құқығын қорғау".
Біздің еліміздің Конституциясында азаматтардың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ кемсітушіліктің кез-келген түрінен, оның ішінде АИТВ-ға байланысты құқықтарға нұқсан келтіруден қорғауға құқықтары бекітілген.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекспен еліміздің әрбір азаматына АИТВ-ға тегін тестілеуге және оның нәтижелерінің құпиялылығын сақтауға кепілдік беріледі.
Ақмола облысында 2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті, бұл өңір халқының 18 % - құрайды.
-«Біздің орталықта заманауи жабдықтар, білікті мамандар, стандарттарға сәйкес келетін бөлмелер және АИТВ-инфекциясының бар-жоғын сапалы диагностикалау үшін қажетті басқа да жағдайлар жасалған», - дейді бас дәрігер- Курманбек Бурмаганов.
Медициналық ұйым басшысының айтуынша, қоғамда АИТВ-инфекциясына қатысты стигма мен кемсітушіліктің төмендеуі қорқынышсыз тестілеуге ықпал етеді, мұнда осы вирусқа тест тапсыру керек пе, жоқ па дегенді анықтайтын жалғыз факторы, олардың тәуекелдерін барабар бағалау болады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 наурызында "Кемсітушілік нөлі" күніне он жыл толып отыр. ЮНЭЙДС ресми сайты хабарлағандай, кемсітушілікті тоқтатуда әркім өз рөлін атқара алады және әркімнің денсаулығын қорғау үшін жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, жыныстық бағдарына, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе басқа жағдайларға қарамастан барлық адамдардың құқықтарын қорғауға шақырады.