Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында салтанатты жиын өтті.
Орталықтың әріптестерін бас дәрігер К.Ж.Бурмаганов құттықтап, денсаулық, амандық және бейбіт аспан тіледі.
Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай өлең оқумен, әндер орындаумен жалғасты.
Естеріңізге сала кетсек, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің № 1008-XII Қаулысымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданғанын бәріміз білеміз.